ОҚО Түркістан қаласына қарасты Шаға ауылдық округіндегі жыл басында іске қосылған «Ерасыл» шаруа қожалығының жылыжайыны Ерғали Жолдасбеков басшылық жасайтын жылыжай көлемі 0,35 гектарды құрайды. Кореялық құрылғымен жабдықталған жылыжайдың сметалық құны 70 млн. теңге. Бүгінде мұнда егілген қиярдан 36 тонна жиналып отыр. Негізгі қуаттылыққа жеткен кезде бұл жылыжайдан гектарына 150 тонна өнім алуға болады.
Айта кетейік, бүгінде Түркістан қаласында жылыжайлардың жалпы көлемі 50,6 гектарды құрайды. Оның ішінде өнеркәсіптік жылыжайлар 10,5 гектар. 2016 жылы жылыжайлардан көктемгі және күзгі ауысымда орта есеппен 1040 тонна қызанақ, 1130 тонна қияр, 90 тонна басқа да көкөністер, 200 мың дана гүл, барлығы 2260 тонна көкөніс өндірілген. Қазіргі таңда жергілікті жердегі жылыжайларда өндірілген қызанақпен қала тұрғындары 45, қиярмен 67 пайызға қамтамасыз етілуде.
Оранғай ауылындағы Әріпжан Сыздықовтың «Яссы құс» шаруа қожалығына соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталған құс шаруашылығы негізінен тауық еті мен жұмыртқа өндіреді. Жобаның бірінші кезеңі 2016 жылы іске қосылып, 12 мың бас етті бағыттағы және 22 мың бас жұмыртқа бағыттағы тауық өсірілуде. 2016 жылы жалпы 4,4 млн. дана жұмыртқа өндіріліп, қала бойынша өндірілетін жұмыртқаның 30,4 пайызын құрады. Жобаның екінші кезеңі 2017 жылдың екінші жартыжылдығында пайдалануға беріледі. Жобаның құны 312 млн теңгені құрап, қосымша 22 мың жұмыртқа бағыттағы тауық өсіріліп, жыл соңына дейін 90 тонна тауық еті және 10,8 млн. дана жұмыртқа өндірілмек.