Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасының мамандары бастаушы кәсіпкерлерге өз активтерін қалай сақтау қажеттігін үйретеді. Бизнес жоспардың дұрыс жасалынбауы, менеджмент пен маркетингтік зерттеулердің жоқтығының салдарынан көптеген бастаушы кәсіпкерлер жолығады. Аталған мәселелерді шешу үшін кәсіпкерлер палатасы мамандарының көмегіне жүгіну қажет.
Бүгінде облыстық кәсіпкерлер палатасы көптеген кәсіпкерлерге тегін қызмет түрлерін көрсетіп отыр. Кәсібін ашқысы келетін азаматтар палата мамандарының көмегімен өзінің сайтын ашуына болады, дайын бизнес жоспар алуына болады, мемлекеттік сатып алу конкурстарына құжат дайындатуына болады. Сондай ақ кәсіпкерлерге ақыл кеңес беретін кітап та шығарылған. Бұл қосымша ақыл-қалта, жол көрсетуші. Мұнда кәсіпкердерді қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламаларға қалай қол жеткізуге болатындығы жайлы бәрі де жазылған. Мемлекеттік бағдарламаларды ресми түрде жазылған текстен ештеңе түсінбеуі мүмкін. Ал мұнда барлығы да түсінікті, ұғынықты етіп жазылған. Егер кітаптан түсінбеген тұстар болса онда ”Call-center” хабарласуына болады. Палата тарапынан көрсетілетін мұндай тегін қызмет түрлері компанияның қаржылай ахуалына көп үнем болары сөзсіз. Жыл басынан бері тегін қызмет түріне 5 мыңнан астам кәсіпкер жүгінген. Көбіне шетелге тауар өткізетіндер палата қызметіне жүгінеді екен. Кеденнен тауар өткізу бойынша көптеген кедергілерді жоюға палата көмектеседі. Сонымен қатар жергілікті тауар өндірушілердің каталогы жарық көрген. Оның ішінде 500 ден атсам өндіріс орындарының тізімі бар