Оңтүстік Қазақстан облысында томат өңдеу өнеркәсібі жұмысын жандандыруда. Кәсіпорын жұмысшылары қызанақ жинау науқанына кірісіп те кетті. Арыс ауданы Ақдала ауылындағы өнім өңдеу зауытына жақын маңда орын тепкен 400 гектар егістікте бүгінде өнім жинап алуға дайын. Мұнда қызанақтың екі сұрыпы өсіріледі, голландық гибрид Ф-1 және «Оливия». Мамандардың айтуынша аталған сұрыптар жергілікті ауа райына бейім әрі өнімді молынан береді. Көктемде мұнда 21 миллион ұрық отырғызған болатын, бүгінде пісіп те үлгерді. Зауыт қызанақ теретін комбайнды арнайы Италиядан алдыртыпты.
«Қызанақ жинау науқанының алғашқы күндерінде Италиядан арнай келген мамандар комбайнмен қалай жұмыс істеу қажеттігін үйретеді. Өнім жинаумен 4 комбайн айналысады. Көкөністі тасымалдау үшін арнай тағы да 21 жүк көлігі бар. Мұндағы қызанақтарды суғару үшін көп жұмыс істелінді. Арыс Түркістан каналынан арнайы арық қазылып, арнайы насос стансасы құрылды. Енді 400 гектар аумақты суғаруға болады» дейді зауыт директорының орынбасары Қуанышбай Омар.
Арыстағы өнім өңдеу зауыты 2009 жылы салынып пайдалануға берілген болатын. Өндіріс орны Италиялық құрал жабдықтармен жабдықталған