Оңтүстікқазақстандықтардың арасында автоспортқа қызығатындардың қатары аз емес. «Тайм аттак» деп аталатын автожарысқа қатысуға да, тамашалауға да жиналғандардың қарасы көп болды. Спорттың экстремалды түрі болып саналатын жарысқа расында қызығушылар көп. «Time attack 2017» автожарысының артықшылығы сол мұнда жүргізушілер бір бірімен жарыспайды, уақыт ұтымдылығын пайдалану басты орында. Бұл жолғы жарыс алаңы 1300 метрді құрағанымен жарысқа қатысушылардың тәжірибелерін сынға салғандай. Жарысқа қатысатындардың тақымында ыңғай шетелдік көліктер. Дегенмен «Жигули 4» те бар. Олег Маринич өзінің темір тұлпарды бала жасынан басқарып жүргенін айтады. Кеңестен қалған көз болса да дәл осы темір тұлпар өзіне қатты ұнайтынын жасырмайды. Сондай ақ немістің «Ауди» автокөлігін де тақымына басқан. Дегенмен бұл жолы бағын Жигулимен сынамақ. Оның салонын жеңілдету жағына баса мән берген. Бұны тиімді деп те санайды. Жарысты ұйымдастырушылар да қобалжулы. Өйткені бұл жолы жарысқа қатысуға тілек білдіргендер де, тамашалауға келгендер де өте көп болды. 19 қатысушы үш айналым жасайды. Жүргізушілер бірінші айналымда темір тұлпарларының тынысын ашумен болды. Тәжірибелері әртүрлі болғандықтан да нәтиже де түрлі болды. Бірінші айналымда ақ «Жигули» ден асқандар болған жоқ. Кеңестік көлік шетелдік көліктерден басым түсті. Екінші орынға Анатолий Горбушин табан тіреді. Жалпы «Time attack Shymkent 2017» автожарысы өте жоғары деңгейде өтті.
Али Аманов