ОҚО Отырар ауданы Шәуілдір ауылында «Біздің денсауылығымыз — өз қолымызда» атты денсаулық фетивалі өтті.
Қарапайым тұрғындарды спортқа тарту. Салауатты өмір салтын ұстану, аурудың алдын-алу денсаулық негізі мақсатында жаяу жүру марафоны көтеріңкі көңіл күймен Төлеубек Кенжалиев каналынан бастау алып, «Шәміл-Дүр» саябағындағы мерекелік іс шараға ұласты.
«Құрметті жерлестер, жастар! Денсаулығымыз мықты болу үшін, әрдайым спортпен айнылысып, темекі, есірткеден бас тартуымыз керек» — деп сөзін бастаған аудан әкімі Ерлан Айтаханов марафонды ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Мерекелік шеруге қатысушылар «Бибі-Ажар» бөбекжайы, «Балдырған-1» балабақшасы, Ө.Жәнібеков лицей-интернат ұжымы, «Келдебек ата» балабақшасы, Д.Құрманбеков атындағы №20 кәсіптік колледж, Жамбыл атындағы мектеп лицейі, Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп гимназиясы, аудандық балалар және жасөспірімдер орталығы және ауданымыздағы спорт мектептерінің дайындаған «Менің денім сау болса-елім сау» ұранымен флеш моб, «Салауатты рух» атты спорттық көріністерін тамашалады.
Денсаулық саласының білікті мамандарының ұйымдастыруымен, денсаулық қалашығында азаматтар дәрігерлердің көмегімен артериялық қан қысымын өлшетсе, жергілікті кәсіпкерлер өндірген ұлттық пайдалы тағамдардан дәм татып, мектеп оқушыларының қолынан шыққан жеміс-жидектерден жасалған «Күзгі сый» көрмесін тамашалады.
Денсаулық фестивалінде және салаутты өмір салтын қалыптастыруға қосқан зор үлесі мен қоғамдық жұмыстарға белсенділігі үшін, ұжымдар мен жеке азаматтарды аудан әкімі Ерлан Айтаханов алғыс хаттармен марапаттады.
Связанные истории
30.09.2017
42066