ОҚО Созақ ауданындағы кәсіпкерлікті қолдау орталығында аудан кәсіпкерлерін қолдау мақсатында алқалы жиын болды. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Ақәділ Сатыпалды, кәсіпкерлік палата филиалының директоры Ғабит Елбергенұлы, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік кәсіпкерлік палатасының бөлім басшысы Данияр Дәрмен және аудан кәсіпкерлері мен бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты. Жиында басты мәселе бүгінгі кәсіпкерлердің тыныс тіршілігі, олардың жұмысындағы кедергілер, несие алу жолдарындағы қиыншылықтар, олардың әл -ахуалдары пікірлесу тақырыбына айналды. Бұл мәселе төңірегінде Сызған ауылынан келген кәсіпкерлер Арқаров Сұлтан мен Арқаров Қарабек, Қайнар ауылдық балабақша басшысы, кәсіпкер Әлғазиев Бекжан, мал бордақылау жөнінде жуантөбелік кәсіпкер Амангелдіұлы Самат, жанар -жағар май бағасы жөнінде кәсіпкер, аудандық мәслихат депутаты , кәсіпкер Әметжанов Байкен, ауылшаруашылық техникалары жөнінде созақтық кәсіпкер Ісметов шәріпжан, «Бекназар» өндірістік кооперативінен Б. Райымовтар жоғарғы тұрған басшылық пен палата өкілдеріне көкейлеріндегі сауалдарын айтып, ұтымды жауап күтті. Аудан әкімінің орынбасары Ақәділ Сатыпалды қазіргі таңда аудан деңгейінде атқарылып жатқан жұмыстар мен өзекті тақырыптардың түйіні шешу жолдары жөнінде хабарлама жасады. Сонымен қатар, облыстан келген палата өкіліне осы мәселелердің шешу жолдарына өз тараптарынан көмек пен қолдау жасауына өтініш білдірді.Аудандық палата филиалының басшысы Ғабит Елбергенұлы аудандағы қора- жайлар мен үйлердің, жылжымайтын мүліктердің өте төменгі бағада бағаланатынын және кәсіпкерлерді облысқа барған жағдайда кедергілердің көптеп кездесетінін де еске салды. Жалпы жиынның маңызы зор болды. Біздегі кәсіпкерлердің ішнара арасында расында өз құқықтарын толық білмейтіндері бар. Мұндай жағдайда олардың палата қызметкерлерінен келіп кеңес алуларына болатынын палата қызметкерлері ескертіп өтті.
Мақсат Қарғабай