Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Сайрам аудандық жас туристер станциясы оқушыларымен «Туған жерге тағзым » атты облыстық керуен – шеруге Бәйдібек ауданы – Қазығұрт ауданы бағыты бойынша ең алдымен Бәйдібек ата , Домалақ ана кесенелеріне және Ақмешіт үңгіріне саяхат жасады. Оқушылар Бәйдібек ата және Домалақ ана кесенелерінің тарихымен танысып , ол кесенелердің архитектуралық ерекшеліктеріне назар аударып үлкен әсер алды. Сонымен қатар , Ақмешіт үңгірінде болып , туған жеріміздің табиғи ерекшеліктері мен сұлулығына тамсанып тарихымен танысты. Жол бойында оқушылар Боралдай өзені арнасында шомылып , мәз – мәйрам қуанышта болды. Осымен қатар , екінші топ оқушыларымыз жетекшілерімен бірге Қазығұрт ауданындағы « Кеме қалған» тарихи кешеніне саяхат жасап , оның тарихи маңызын зерттеп қайтты. Ақбура , Исмайл ата , « Ғайып ерен қырық шілтен » деген киелі жерлерге саяхатымыз жалғасын тапты .«Туған жерге тағзым» атты облыстық керуен — шеру 2017 жоспары бойынша Сайрам ауданы бекітілген кестеге сәйкес Отырар ауданы –Түркістан қаласы бағыты бойынша ең алдымен Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы — Арастан баб кесенесінен басталды. Түркістан өңіріндегі тарихи тұлғалардың өмірі мен өнегесімен танысып ,Отырар мемлекеттік археологиялық –қорық мұражайымен танысып ,оқушылар өз отанының өткеніне және бүгіні мен болашағына деген зейінін арттырып еліміздің мәдени , тарихи мұраларын өн бойына сіңіріп Түркістан қаласын Қожа Ахмет Яссауи кесенесімен танысып қайтты.