Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққабағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асырумен және 14 пен 29 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі жастарды өмір сүруге деген бейімділігін арттыру, қоғам назарынан тыс қалдырмау мақсатында «Көкейдегі бар әлем» жобасы аясында «Жүрегім толы мейірім» атты қайырымдылық акциясы Отырар ауданы Талапты ауыл округі Көкмардан мәдениет үйінде ұйымдастырылды. Акцияға облыстық жастар орталығынан арнайы психолог маман мен БАҚ өкілдері, ауыл әкімі, «ONTUSTIK» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы Отырар аудандық филиалының бизнес-тренері Оралбаев Мейіржан және басқа да мамандары, аудандық жастар орталығының мамандары, әлеуметтік қызметкерлер, кәсіпкерлер мен жастар қатысты. Аталған акция барысында арнайы мамандардың қатысуымен мүмкіндігі шектеулі жастарға бизнес бастауы мен әлеуметтік жобаларды іске асыру жөнінде нақты түсіндіріліп сұрақтар қойылып тұшымды жауаптар берілді.Іс-шараның жалғасы концерттік бағдарламаға ұласып, тілектер айтылып, қатысушыларға арнайы сертификаттар беріліп, көтеріңкі көңіл -күймен тарқасты.