ОҚО жоғары спорт шеберлерлігі мектебінің спорт кешенінде қол добынан Қазақстан Республикасының 26-чемпионатының жалауы көтерілді. Әйелдер арасындағы тартысты бәсекеге суперлига және жоғары лига командалары қатысуда. Облыс намысын «Қазығұрт» спорт ойын түрлері клубының арулары қорғауда. Сонымен қатар, ескек есушілер Өзбестанда өткен Азия кубогының жеңімпазы атанды. Облысымыздың қыздары өткен жылғы чемпионатта алтын медальді жеңіп алған болатын. Құраманың бас бапкері Берік Бекназаровтың ендігі мақсаты сол жоғары атақты сақтап қалу болып отыр. Осы мақсатта жыл бойы жан-жақты жаттығу жұмыстары жүргізілді. Чемпионаттың ашылу салтанатын жасаған Қазығұрт спорт клубының директоры Рүстембек Қожанов ел чемпионатының аса тартысы өтетінін мәлімдеді. Өйткені, қол добы спорты қарқынды дамып келеді. Мектеп бағдарламасына енген спорттық ойын түрінің өз чемпиондары бар. Жоғары лига командалары арасында облысымыздың «Қазығұрт» командасы төрт кездесу өткізіп, төртеуінде де жеңіске жетті. Аса тартысты матч Қызылорда облысының қыздарымен болған кездесу болатын. Бұл ойында алаң иелері зор басымдыққа ие болды. Ал, бүгін Қарағанды облысының аруларымен шеберлік байқасқан жерлестеріміз 30-27 есебімен басым түсіп, жеке дара топ бастады. Суперлига командалары арасында 6 команда бақ сынауда. Бұл топта қызылордалықтардың қарқыны зор. Олар бұған дейінгі кездесулерін сәтті өткізіп, турнир кестесінде 1-орында тұр. Шешуші кездесу осы екі команданың арасында өрбитін болады. Кезінде олимпиада ойындарына қатысып, еліміздің намысын қорғаған шымкенттік шеберлер намысты қолдан бермес деген ойдамыз. Өзбекстанның Самарқанд қаласында ескек есу және каноэдан мүмкіндігі шектеулі жандар арасында Азия кубогы жолындағы жарыс аяқталды. Қазақстан ұлттық құрама командасы сапында облысымыздың 9 спортшысы өнер көрсетті. Қорытындысында Қазақстан құрамасы 1 алтын,1 күміс және 4 қола медальді жеңіп алды. 200 метрлік қашықтықта сынға түскен жерлесіміз Жалғас Тайкенов мәре сызығын бірінші болып үзді. Облыстық ескек есу федерациясының президенті Денис Жарменовтың айтуынша енді жеңімпаз атанған спортшылар Қытай жерінде өтетін Азия ойындарына қатысады.
АСХАТ Мырзахметов