Былғары қолғап шеберінің рингке шығуына бір күн қалғанда жастар ресурстық орталығы маңына жиылған оңтүстікқазақстандық жастар оның суретін салып, түрлі спорттық сайыстардан бақтарын сынады. Үстел теннисі, варкаут спортынан өнер көрсеткендер, брейк биін билеп, бокшысының құрметіне арнайы флешмоб ұйымдастырды. Әрдайым игі істердің басында жүретін жастар бұл жолы да қазақстандық боксшыны шын ниеттерімен қолдау үшін бастама көтерді. Еліміздің абыройын асқақтатып, көк туын көкке өрлетіп жүрген атақты спортшыларды әрдайым қолдап келеді. Алдағы уақытта да мұндай игі шараларды көптеп ұйымластыру ойларында бар. Оларға арнайы жүлделер тағайындалып жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды. Айта кетейік, Американың Лос Анджелес қаласында өткен жекпе жекте Геннади Голвкин мен Мексикандық Альварез Мейвезер өнер көрсетіп төрешілердің шешімімен олар тең ұпай алған болатын. Береке ДҮЙСЕБЕКОВ, ОҚО «Жастар ресурстық орталығы» МКК басшысы
– Жастардың өздері бастама көтерген болатын. Бұл ұсынысты жастар ресурстық орталығы қабылдап, ұйымдастырып жатырмыз. Жалпы, мұнда спорттық іс-шаралар өткізіледі. Бұл тегін емес. Өйткені, елімізді әлемге танытып жүрген Генадий Головкинге қолдан келгенше демеу болуымыз керек.