Оңтүстік Қазақстан облысының орталығындағы «Ontustik Tourism Center» Туристік Ақпараттық Орталығы бүгінде өңірімізге туристерді көптеп тартып, ішкі туризмді дамытуға көп үлес қосып келеді. Оңтүстіктің ғажайып жерлерін шетелдіктерге таныстырып, өз бетімен келгендерге жол көрсетіп ауқымды шаруалар атқарып келеді. 2017 жылдың 17 қыркүйегінде «Ontustik Tourism Center» Туристік Ақпараттық Орталығының ішкі туризмді дамытуға бағытталған атқарылған және жоспарланған жұмыстармен таныстыру мақсатында, шағын конференция өтті. Аталған іс-шара үкіметпен бекітілген «2023 жылға дейінгі туристік саланы дамыту» тұжырымдамасының аясында келелі мәселерді шешуге бағытталды. Аталған тұжырымдамаға сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы Жібек жолын жаңғырту кластеріне кіреді. Іс-шара қорытындысымен қатысушылар туристік индустриядағы мазалаған сұрақтары бойынша жауаптар алуға мүмкіндік алды. Ontustik Tourism Center»-ге Ұлыбританиядан келген туристер қонақ болды. Оларды Шымкент каласының нысандары мен мұражайлары қызықтырды. «Ontustik Tourism Center» қызметкерлері, қонақтарды қызықтырған сұрақтарына толықтай жауап ұсынды. 2017 жылдың 16 қыркүйек күні, «Өлкетану» атты жастар жобасы бойынша «Ontustik Tourism Center» мен Оңтүстік Қазақстан Облысының «Жастар ресурстық орталығы» бірлесе Кентау Хантағына тур ұйымдастырды. Негізгі іс-шараның мақсаты: жастар арасында туристтік қызметті пайдалануда мәдениетті көтеру.
Связанные истории
30.09.2017
41787