Жалпы өмірде қабілетсіз адам болмайды. Адам баласы жаратылысынан әр нәрсеге қабілетті болып келеді. Жақсылық жасаудың өзіде қабілеттікке жатады. Сондай жақсылықтардың бірі бүгін Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Мақтарал ауданындағы Ш. Ділдәбеков ауылдық округінде орналасқан С. Қожанов мектебінің базасында, ауыл жастарының спортпен алаңсыз айналысуы үшін „Жастар” спорт кешені ашылды. Спорт кешені ешқандай мемлекеттің қаражатынсыз ауылдан шыққан кәсіпкер Абыз Алиповтың қаражатына салынды. Мұнда ауылдастары бір уақытта спорттың волейбол, баскетбол, футбол, түрлерімен айналыса алады. Өз сөзінде кәсіпкер ағамыз келешекте жүзу кешеніде салынатындығын атап өтті. Шалғайда жатқан ауыл үшін бұл нағыз үлкен сый. Өйткені облыс орталығынан шеткері жатқан ауданда спортпен түбегейлі айналысу үшін жағдай жоқ болатын. Енді міне кәсіпкер Атымтай жомарт ағаларының арқасында жастар спортпен айналысуына мүмкіндік туып отыр. сол үшін де айтар алғыстары шексіз. Бұдан бөлек кәсіпкер Абыз ағамыз ауылдағы жағдайы төмен отбасыға қолдау үшін жаңа баспана салып берді. Бір-біріне бауырлары қараспайтын мына заманда еш себепсіз баспана салып беру тек иманы берік адамдардың қолынан келетін іс. Елбасымыз айтқандай болашақ жастардың қолында. Жастарға болашақта кемел болып өсуіне өз үлесін қосатын осындай ұлт жанды азаматтарымыз көп болсын.