Оңтүстік Қазақстан облысында Спорт саласының білікті маманы Дүйсен Мергенбаев басқаратын олимпиада мектебі жарап тұр. Жуырда осы мектептің каратэ шеберлері Астанада өткен Азия чемпионатынан жүлдемен оралған болатын. Енді міне, тағы да чемпиондар қатары толыға түсті. Атап айтқанда, Дзюдо күресінен 2000-2001 жылдары туылған жасөспірімдер және 1997-1999 жылдарда туылған жастар арасында Азия чемпионаты Қырғызстан мемлекетінің астанасы Бишкек қаласында өтті. Оңтүстік Қазақстан облысындағы №3 ОРМБЖСМ-нің дзюдошылары өз мықтылықтарын танытып, жоғары көрсеткіштер көрсете білді. Айта кетер болсақ: Жасөспірімдер құрамасында — Давлатов Шерзод 50келгі дейінгі салмақта І-орыннды жеңіп алса, Құлым Сара 40 килоға дейін салмақта өнер көрсетіп, ІІІ-орыннан көрінді. Сонымен қатар, жастар арасында Абдулла Еркебұлан ІІ-орынға ие болғанын да айта кеткен жөн. Спортшыларымызға алдағы өтетін Әлем Чемпионатында да осындай биіктен көрінуіне тілектеспіз!!! Дүйсен Мергенбаев шәкірттерінің ендігі биігі Алдағы жылғы Аргентинада өтетін олимпиада болмақ. Сондай-ақ, көршілес өзбек елінің астанасы Ташкентте өтіп жатқан самбодан Азия чемпионатында түркістандық үш бұрымды қызы жеңіс тұғырына көтерілді. Нақтырақ айтқанда, Ә.Нұрмаханов атындағы облыстық олимпиада резервін даярлайтын спорт мектебінің жаңа басшысы Д.Тәңірбегенов ақжолтай жаңалықты осыдан үш күн бұрын сүйіншілеп жеткізіп еді. Өкінішке орай, белгілі себептермен ақпаратымыз кеш жарияланып отыр. Сонымен, 27 мемлекеттің спортшылары қатысып жатқан Азия чемпионаты тартысқа толы болды десек қателеспейміз. Байрақты бәсекеде топ жарудың өзі оңай шаруа болмағанын айта кеткен жөн. 30 маусым күні аталған спорт мектебінің түлектері боз кілемге шыққан болатын. Сонымен, 44 келі салмақта Пайыз Жадыра жастар арасында өзіне қарсылас шыдатпай, 1-ші орын иегері атанды. Ал, 48 келіде Жылкыбаева Айжан әйелдер арасында сол бірінші орынға бір қадам қалғанда тоқтаған. Сөйтіп, 2-ші орынды місе тұтқан. Мұнан өзге, 72 келі салмақ дәрежесі бойынша Акжігітова Айнұр үздік үштікті қортындылап отыр.
Бұл жарысқа Түркістаннан 7 спортшы аттанғанын айта кеткен жөн.
kungei.kz