ОҚО Бәйдібек ауданы бүгінде қарқынды дамып келеді. Аудан бюджеті кіріс бөлігінің жоспары 9 144706 мың теңге болса, нақты орындалғаны 9 227 422,8 мың теңге болып, жоспардың 101 пайызын құрады немесе жоспарлы түсімнен 82 716,8 мың теңге артық түсті. Өнеркәсіп саласы2017 жылдың 8 айында өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 1824,3 млн. теңге болып, нақты көлем индексі 101,9 пайызды құрады. Ехро — 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне сәйкес облыстық туристік картаға аудан көлеміндегі екі тарихи нысан енгізілген. Олар «Ақмешіт үңгірі» және «Домалақ ана» кесенесі. Аталған көрменің алдын ала дайындық іс-шарасына сәйкес бұл нысандарға көркейту көгалдандыру, жол инфраструктурасын жақсарту мақсатында «Домалақ ана» кесенесіне кіре беріс жол бойына 55 га жер теліміне 16000-нан аса раушан гүлі, 2400 арша ағашы, 140000 тұт және жеміс ағаштары егіліп, көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Ауданның 2017-2021 жылдарға арналған даму тұжырымдамасына сәйкес жеке кәсіпкер Ш.Ахметов 2018 жылы өз қаржысы есебінен 15,0 млн. теңгеге «Ақмешіт үңгірі» аумағына келген туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында қонақ жай салып, айналасын көркейту-көгалдандыру жұмыстарын жүргізуді жоспарлаған. Ал аудандағы Мәдениет нысандарының саны – 10 (мәдениет үйлері – 7, ауылдық клубтар – 3). Аудан бойынша 11 ауылдық округтің 8-інде типтік үлгідегі мәдениет нысандары бар. Ағыбет, Алмалы, Борлысай ауылдық округтерінде мәдениет нысандарының құрылысын салуды қажет етеді. Бұл бағытта ағымдағы жылы Бәйдібек ата елдімекенінен 150 орындық мәдениет үйінің құрылыс (127 млн. 99 мың теңге) жұмыстары жүргізілуде. Ал, Ағыбет елдімекенінен мәдениет ошағының құрылыс жұмыстары бойынша ЖСҚ-ы әзірленіп, салалық басқармаға тапсырылып, 2018 жылға облыстық бюджеттен қаржы сұралуда.