Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігімен Шардара су қоймасының жағалауында жағажай туризмін дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Өңірдің ауа райы жағдайы жағажай туризмін дамытуға қолайлы жағдайлар туғызып отыр. Осы орайда Шардара су қоймасының жағалауында 255,3 га жер телімі анықталды. Осыдан аз ғана уақыт бұрын Шарадар су қоймасы жағалауының егжей-тегжейлі жоспары әзірленген болатын. (егжей-тегжей жоспарын әзірлеу соммасы 16,0 млн.тг.). Жоспарға сәйкес аталған учаскелерде тұрғын үйлер, халыққа қызмет көрсету орталығы, аурухана, қонақ үйлер, ойын-сауық және сауықтыру кешендері, жағажай спорт түрлеріне арналған алаңдар салынып, сәйкесінше қажетті инженерлік инфрақұрылым тартылатын болады, оның ішінде 22 қонақ үй, 5 мейрамхана, 1 гольф-клуб, 3 аквапарк және балалар лагері, 1 серуендеу аллеясы, 2 балық және аң аулау үйлері, 1 СПА орталық және т.б. 2017 жылдың 25 мамырында «Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін елді мекен санатына ауыстыру туралы» ҚР Үкіметінің №292 Қаулысы қабылданды. Қазіргі таңда, Шардара ауданында жағажай туризмін дамыту бойынша іс-шаралар жоспары әзірленген. Алдағы уақытта жағажай туризмі бойынша демалушылар қатары артары сөзсіз.