ОҚО спорт саласын дамыту бағытында халықаралық теннис орталығы құрылысының маңыздылығына байланысты және спортшыларға халықаралық жарыстарға қатысу және өткізу үшін қалада барлық мүмкіндіктер барын ескере отырып бүгінде Абай саябағында теннис орталығының құрылысы жүргізілуде. Теннис орталығы республикалық жарыстарды өткізу регламентіне және халықаралық теннис федерациясының жаттықтыру процесін өткізу стандарттарына жауап беруі қажет болғандықтан «Жасыл қала» ЖШС жарғылық капиталын ұлғайту арқылы теннис орталығын қолға алған болатын. Аталған жоба «Жасыл қала» ЖШС мен «АRNA-проект» ЖШС арасындағы келісім-шартына сәйкес 40,9 млн.теңге толығымен игерілді. Қалалық мәслихат шешімімен және «Жасыл қала» ЖШС мен Хорватия елінің өкілдері «Concept-90» ЖШС арасындағы келісім-шарты негізінде 49,6 млн.теңгеге жерді игеру жұмыстары жүргізілді. 12 ашық теннис корттарының құрылысы толығымен аяқталды. Жобалық-сметалық құжаттамасына 2010 жылы түзетулер (1 696,0 млн.теңгеден 1 316,0 млн.теңгеге кеміген) енгізілуіне байланысты 2011 жылы ОҚО әкімдігі және ҚР Туризм және спорт министрлігі арасындағы 2011 жылдың 18 наурызында жасалған келісім-шарт негізінде 925,1 млн.теңге бөлінді. Абай саябағындағы Халықаралық теннис орталығының 2-кезеңін қарастыру қажеттілігі анықталды. 20 орындық жатақханасы, 50 орындық асханасы және әкімшілік 6-8 кеңсе бөлмелері орналасатын 3 қабатты ғимаратының құрылысы, бастапқы жобада қаралмаған аумақтарды когалдандыру және абаттандыру жұмыстары кіргізілді. Пайдалануға берілген соң спорттың бұл түрінен биік потенциалға ие болатын, еліміздің дарынды балғын спортшылары шұғылданатын теннис академиясын ұйымдастыруға жол ашады және ҚР теннис федерациясының талаптарына сәйкес және халықаралық ITF стандарттарына сай спорт базасы қамтамасыз етіледі.