Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпорындар көбейіп келеді. Әсіресе Шардара ауданындағы балықты терең өңдейтін 4 зауыт жылына 5 мың тоннадан астам өнім өңдеуге қауқарлы. Жыл басынан бері облыс бойынша 1300 тонна балық өңделген. Оның 80 пайызы шетелге экспортталды. Мәселен, ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі боп құрылған мына кәсіпорын қажетті балықты ірі су қоймасындағы қалқымалы торларда өсіріп отыр. Онда өткен жылы 39 тонна шабақ жіберілсе, биыл бұл көрсеткішті 80 тоннаға дейін жеткізбек. Қазақтың көксеркесі мен алабұғасына көрші елдерден сұраныс артқан. Енді ысталып кептірілген қаракөз бен табан Израиль нарығына жөнелтілмек. Кооператив балықтың сүбесін де дайындайды. Зауыттың жылдық қуаттылығы 2500 тонна. Мұнда 250 адам жұмыспен қамтылған. Ержан Мамутов, технолог: – Бұл жерде тұздалған балықтар жаздың күні 6-7 күнде дайын болады. Қыстың күні 7-8 күнде әзір болады. Дайын өнім шетелге экспортталады. Мына балықтар чехон-вобла. Россияға Украинаға жақында енді Израильге жіберуге дайындап жатырмыз. Айына ысталып кептірілген 60 тоннадан балық экспортталады. Бізде Шардарадан, Аралдан әкелінген балықты жинап, тұздап тапсырыс бойынша өңдейміз.