Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында «Оңтүстік» және «Тассай» индустриалды аймақтары жұмыс істейді. «Оңтүстік» индустриалды аймағында құны 55,8 млрд теңгені құрайтын 85 жоба жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда құны 21,4 млрд теңгені құрайтын 46 жоба жүзеге асты. Ондағы жұмыс орындарының саны – 3 мың.
89 га аумақты қамтитын «Тассай» ИА құрылғанын білесіздер. Онда 139 жұмыс орны бар, құны 1 126 млн теңгеге бағаланған 4 жоба іске қосылды.
Сонымен қатар, қазір қала аумағында үшінші «Жұлдыз» индустриалдық аймағын іске қосу мақсатында 76 га жер телімі белгіленіп, қазіргі таңда инфрақұрылым жұмыстарын жүргізуге әзірленуде.
Біздің бөлімге жүктелген міндеттің бірі – туризим саласын дамыту. Бұл бағытта да біршама жетістіктер бар. Мәселен, жыл басынан бері қалада ірі туристік іс-шаралар өткізілуі нәтижесінде шаһарға келген шетелдік туристер саны 17 212 адамға жетті.
Ішкі туризмді айтар болсақ, бұл кезеңде қалаға 33 100 адам саяхаттауға келген. Бұл мәліметтер Шымкент әуежайы, темір жол вокзалы және автобекеттер, туристік нысандардың билет сатылымы санынан анықталып отыр. Өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 40 пайызға артты. Қалада 110 мамандандырылған туристік ұйым халыққа қызмет көрсетуде. Оның ішінде 25 – туристік оператор, 85 – туристік агенттік. Қонақүйлердің саны 90-ға жетті.