«Жастар ресурстық орталығы» КММ—нің ұйымдастыруымен, А.С.Пушкин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқу залында «Ерлікке тағзым» атты тақырыпта ауған соғысы ардагерлерінің жастармен кездесуі өтті.
Іс—шараның мақсаты — жастардың бойында өзінің туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезімді қалыптастыра отырып дамыту арқылы келешек ұрпақты тәрбиелеу болып табылады.
Іс—шараға Ауған соғысының ардагері Алиев Есебалы Катипұлы, Оспанов Жәнібек — Әл—Фараби ауданы әкімдігі, «Мәдени ағарту» бөлімінің басшысы қатысты. Мәдени шараға қатысқан жастардың қарасы қалың болды. «Жалпы, ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс – күйретуші күш! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Соғыс – адам баласы үшін ең үрейлі, ең қорқынышты сөз. Өйткені, соғыс атаулы адамзатты қырып—жоюға бағытталған. 1989 жылы, Ақпан айының 15-де талай аналарды перзеттерден айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан қасіретті де, қайғылы да «Ауған соғысы» аяқталды. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда» деді ауған соғысының ардагері. Бүгінде «Ауған соғысы» қажет пе еді? деген сұрақтар көп қойылған кезде, жастар еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын Отан алдындағы борыштарын адал атқарған азаматтар деп құрмет тұтамыз. Мәдени шараға қатысқан жастар отанға деген сүйіспеншіліктің не екенін, ерлікке тағзым әрдайым болуы керек екенін ұғынып тарасты.