Елбасының арнайы тапсырмасымен қолға алынған Қазақстанда Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы мемелекеттік тұрғыда қолға алынғаны белгілі. Бүгінгі таңда өңірімізде бағдарлама аясында ірі өндірістік кәсіпорындар ашылып, өз мамандығы бойынша жастарымыз тұрақты жұмыспен қамтылып келеді. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің «Облыстағы индустриялық аймақтарда жастарға «ашық есік күнін ұйымдастыру» жөніндегі тапсырмасына сәйкес, «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» индустриялық аймақта орналасқан «Наурыз пластик» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндіріс орнына қаламыздың студент жастарына практикалық таныстыру шараларын жүргізу мақсатында экскурсия жасалды. Экскурсияға қаламыздың 40 белсенді студент жастары қатысты. Шымкенттің ойыншық зауыты ауқымын кеңейтті. Жаңа қонысқа көшті. Халықаралық талаптарға сай бірнеше тексеруден өтіп, өнімі экологиялық таза деп танылды. Жуық арада экспортқа да шығарылады. «Наурыз пластик» санға емес, сапаға, имиджге жұмыс істейді. Стандарт талаптарын қатаң сақтайды. Шикізаттың ең таза сұрпын пайдаланады. Бастысы, олар өздері шығаратын ойыншықтың бала денсаулығына қауіпсіз, экологиялық таза болуына баса мән береді. Жастардың кәсіпкерлерден үйренері көп әрине, олар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып жауаптарын алды.