Елбасының арнайы тапсырмасымен осыдан біршама уақыт бұрын Қазақстанда Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы мемлекеттік тұрғыда қолға алынғаны белгілі. Осыған орай, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің “Облыстағы индустриялық аймақтарда жастарға “ашық есік күнін ұйымдастыру” жөніндегі тапсырмасына сәйкес, жуырда «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мекемесінің ұйымдастыруымен кәсіпкерлікті дамыту арқылы бүгінгі жас маман иелеріне тігінші мамандықтары бойынша мемлекеттік бағдарламамармен жан-жақты таныстыру үшін, “Оңтүстік” арнайы экономикалық аймағында орналасқан «Әлем-БТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қаламыздағы орта арнаулы оқу орындарында білім алып жатқан белсенді 100-ге жуық студентке өз мамандықтары бойынша практикадан өтіп жатыр. Индустрияландыру картасы аясында ашылған шұлық шығаратын бұл фабрика толығымен автоматтандырылған. Фабрикадағы қайнап жатқан жұмысқа тігінші мамандықтары бойынша қызығушылықтарын танытқан студент жастар, алдағы уақытта да осындай экскурсияларды өткізу арқылы білім мен тәжірибені ұштастырып, диплом алғаннан соң жұмысқа орналасу айтарлықтай қиындық туғызбайтындығы жөнінде өздерінің ой-пікірлерін айтып өтті.