Қазақстан пример лигасының 28-ші туры аясында «Ордабасы өз алаңында Павлодарлық «Ертісті» қабылдады. Есеп 1:2. «Ордабасы» ойыншылары «Ертіске есе жіберді. Биылғы чемпионаттың қола медалі үшін таласып жатқан екі команда да бұл аса жауапты матчта барын салды. Бірден шабуылға бет қойған ОҚО командасы «Ордабасы» сапында Таңат Нөсербаев пен Азат Нұрғалиев даңқты қақпашы Давид Лорияның қақпасына жол таба алмады. «Ордабасы» командасының орталық қорғаушысы Фонтанеллоның жарақат алып ойындарға қатыспауы алаң иелерінің қорғанысына айтарлықтай септігін тигізді. Екі ойында оның орнын жаппақ болған А.Симчевич төтеп бере алмай қиналыс тапты. Алғашқы голға да осы бір қорғаушының өрескіл қателігі себеп болды. Оны оңай алдап өткен Фофана қақпашы Нурмұхамедовпен жекпе-жек шығып, алғашқы голдың авторы атанды.Есеп 0-1. Бақдаулет Қожабаев алаңға шықты. Ойынның екінші кезеңі басталған тұста бүгінгі кездесуде жасындай жарқылдаған Фофана бірнеше ойыншыны оның ішінде Симчевич, Смақов сынды қорғаушылардан сытылып шығып барып тамаша гол салды. Есеп 0-2. Дегенмен, команда капитаны Азат Нұрғалиев сол қанаттан шабуыл бастап,айып алаңында тұрған Срджан Вуйяклияға доп шығарды.Асқан шеберлікпен қакпаға бағыттаған ол есеп айырмасын қысқартты. Есеп 1-2. Осы есеп ойын соңына дейін өзгеріссіз қалды. Енді, «Ордабасы» өз алаңында Оралдың «Ақжайығын» қабылдайды. Егер Алексей Петрушин шәкірттері оны ұта алмаса 15 жыл күткен қола медалден айырылып қалуы мүмкін. Мүмкіндікті қолдан бермес деген үміттеміз.
НҰРСҰЛТАН Әбдірашит