Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары бүгінде биік жетістіктерге қол жеткізіп жүр. Тек облыстың ғана емес байрақты бәсекелерде еліміздің абыройын асқақтатып жүр. Олардың жаттығулары үшін көптеген жағдайлар жасалған. Замануи спорт кешендері, жузу бассейндері, тау баурайында салынған санаторлы курортты кешендер бәрі де спортшылардың игілігі үшін қызмет етуде. Оңтүстікте жалпы саны 5369 спорт нысаны бар. Бұл 3,5 млн халық үшін жеткіліксіз. Сондай-ақ, биыл облыс тұрғындарының спортпен шұғылдануы 25,8 пайызға жеткен. Сондықтан қазір халықты жаппай бұқаралық спортқа тарту үшін елдімекендердегі білім беру ұйымдарының спорт залдары пайдаланылуда. Бірақ оның өзі сұранысты толық қанағаттандырмайды. Спорт залдар мен қамтылу 83 пайызды құрайды. Қажеттілік 18 пайыз. Мектептің спорт залмен қамтылу 75 пайыз. Алда әлі қажеттілік 45 мың шаршы метрді құрайды. Бүгінде облыс басшылары аталған спорт кешендерін қай жерлерге салу бойынша жоспарлар жасап қойды. Статистикаға сүйенсек, облысымызда қазір 54 мыңнан астам спортшы спорттың 63 түрімен тұрақты түрде шұғылданады екен. Оның ішінде бокс, күрес сынды үйірмелерге қатысушылардың қарасы қалың. Спорт саласының мамандары барынша жастарды ұлттық спорт түрлеріне тартуды қолға алмақ. Ондағы ой ұмыт бола бастаған спорт түрлерін ұлықтау. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес асық ату, ләңгі тебу сынды спорт түрлерін өңірімізде дамытып ары қарай жастардың ішінде кеңінен насихаттап жастарды тарту үшін түрлі жарыстарды өткізуді жоспарлануда. Еске сала кетейік биыл тұрғындар арасында бұқаралық спортты насихаттап, жастарды спортқа тарту үшін жыл басынан бері 3060 іс-шара ұйымдастырылған. Оларға 360 мың адам тартылыпты. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.
Связанные истории
30.09.2017
41723