«Саяхат кез келген нәрсені үйретеді. Басқа жерлерде өткізілетін бір күн, үйдегі он жылдан астам өмір береді», — деген екен A. Франс
Бүкіләлемдік туризм күнін атаулы күнді 1979 жылы Испанияның Торремолино қаласында Бүкіләлемдік туристік ұйымның Бас ассамблеясы бекіткен. Жыл сайын 27 қыркүйек күні атап өтіледі. Мерекенің мақсаты — туризмді насихаттау, оның әлемдік қауымдастық экономикасына үлесін жариялау, түрлі елдердің халықтары арасындағы байланысты дамыту. «ONTUSTIK» туристтік ақпарат орталығы аталған атаулы күнді атап өтті. Орталық атынан Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарын Дүниежүзілік туризм күнімен құттықтады. Өңір тұрғындарын жаңа жаңалықтар ашуды, қызықты бағыттар және естен кетпес саяхаттарға шығуға тілектестіктерін білдірді. Әрі қаржылай жағдайыңыз қызықты сапарларға шығуға мүмкіндік берсін деген тілекті қоса жаудырды. «Тағдырдың компасы әрдайым өркендеу мен жетістікке жетуге жол бағдарын көрсетіп тұрсын. Кім саяхат жасамайды, ол адам өмірдің нағыз құндылығын білмейді. Карта біздің өңіріміздің ең көрікті жерлерін көрсетеді. Әр бұрышты Оңтүстікпентуризм орталығымен араланыз! Өйткені, Оңтүстік Қазақстан сияқты ешқандай да жер жоқ!» делінген құттықтауда.