Қазiргi таңда Шымкент қаласынан бөлек, Оңтүстік Қазақстан облысының 14 аудан, қаласында «Кәсiпкерлерге қызмет көрсету орталығы» және кәсiпкерлiк мектебi жұмыс iстеуде. Соның барлығын қосып есептегенде 15 бизнес-тренер, сондай-ақ, үш бағытта жұмыс iстейтiн менеджерлер аудан халқын бизнес бастауға үйретуде.
2016 жылы Кәсiпкерлiк негiздерi оқыту курсы бойынша – 2160 адам, тақырыптық тренингтер бойынша – 1167, тақырыптық салалық шеберлiк-сыныптар бойынша – 2123, «Өркен» бағдарламасы бойынша 1032 адам оқыған. Қазiргi таңда сол түлектердiң 930-ы 2320,16 млн. теңгеге қаржыландырудан өтiп, өз iсiнiң иесi болып отыр.
Ал, биылғы бiрiншi жартыжылдықта Кәсiпкерлiк негiздерi оқу курсы бойынша – 1726 адам, тақырыптық тренингтер бойынша – 882, салалық шеберлiк-сыныптар бойынша 1365 адам сертификаттарын алды. Нәтижесiнде 98 кәсiпкер 371,405 млн. теңгеге қаржыландырылды.
Кәсiпкерлiк мектептi бiтiрiп, бизнесiн бастамай тастап кететiндер жөнiнде сұрадық. Әзiрге ондайлар кездеспептi. Себебi, мұнда ешкiмнiң қол астында тәуелдi болып жұмыс iстемей, кәсiпте белгiлi бiр жетiстiкке жетсем деп арнайы тiркелiп, жеке кәсiпкер куәлiгiн алуды қалайтындар ғана келедi. Оқуға қабылданар алдында толтырылатын анкетада олар кәсiбiн бастауға қажеттi мүлкi (жерi, қорасы) бар ма, жеңiлдетiлген несие қажет пе, несиелiк картасы таза ма, мiне, осының барлығын көрсетедi. Ал, егер жеке мүлкi болмаса қаржылық ұйымдар арзан несие бермейдi. Мектепте оқимын дегендердiң жасына да шектеу жоқ. Егер жеке тұлға келiп, кәсiбiмдi ашамын, маған жәрдем керек деген жағдайда оған қолдау көрсетiледi. Өйткенi, орталық алдында айқын бағыттар бар, сол бойынша жұмыстар iстеледi.
Қорыта айтқанда, кәсiпкерлерге қызмет көрсету орталығының кәсiпкерлiк мектебiнде жүргiзiлетiн оқу заманауи бизнес саласында бизнес идеяларды жүзеге асыру мақсатында жаңа бiлiм мен қажеттi дағдыларға ие болуға мүмкiндiк бередi.
Баян Дарғожина