Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Кентау қаласында қала күніне және «Ұстаздар» мерекесіне орай қала мектептерінің мұғалімдері арасында «Ұстаз-ұлы тұлға!» атты туристік жарысы «Кеншілер» саябағында өткізілді. Жарыстың басты мақсаты: бір-бірімен тәжірибе алмасу, салауатты өмір салтын ұстану, денсаулықты нығайту, қала мектептері арасынан үздік топты анықтау болатын.
Жарыс екі кезеңнен тұрды. «Кедергілер жолағы» « Жергілікті жерді бағдарлау».Топ құрамында 3 ер 1 қыз бала қатысты. І-кезеңде төрешілер алдын ала дайындаған жақын қашықтықтағы табиғи және жасанды кедергілерден сақтандыру жұмыстарын ұйымдастыра отырып,тастар арқылы,беткей траверсі,маятник,шест,асылма өткел,паралель жіптерді уақытқа жүріп өтті. ІІ-кезеңде «Бағытты көзбен анықтау» еді. Бұл кезеңде мұғалімдер ағаштың биіктігін,беткейдің еңістігін уақытқа анықтады.
Барлық қатысқан топ белсенділіктерін танытып жүлделі І,ІІ,ІІІ орындарға ие болып мақтау қағаздарымен, сыйлықтармен алғыс хаттармен марапатталды. І орын алған топ облыстық жарысқа жолдама алды. Алдағы уақытта да аталған шара тінін үзбей, ұйымдастырылып тұратын болады.