Түркіменстан астанасы Ашхабад қаласында жалауы көтерілген жабық ғимараттағы Азия ойындарынан ел құрамасы сапында өнер көрсеткен түркістандық спортшылар да олжамен оралды. Сайыпқырандарды ОҚО Түркістан темір жол вокзалынан жергілікті спорт сүйер жұртшылық салтанатты жағдайда күтіп алды.
Ә.Нұрмаханов атындағы облыстық Олимпияда ізбасарларын дайындайтын спорт мектебінің шәкірттері самбодан қыздар арасында әйгілі спорт ардагері Ә.Халиллаев жаттықтыратын Айжан Жылқыбаева қарсылас шақ келтірмей алтын медалді жеңіп алса, Жадыра Пайыз қола медалға ие болды. Сондай-ақ таэквондошы Н.Мырзабаевтың байрақты бәсекеде ел туын желбіретіп шығуы да жергілікті жанкүйелердің мерейін үстем етті.
«Бұл еліміздің спорт тарихындағы үлкен жетістік. Біздің шәкірттер үздік нәтиже көрсетті. Енді спортшыларымыз жуырда өтетін әлем чемпионатына барады. Спортшыларымыздан үлкен үміт күтеміз»,- дейді Ә.Нұрмаханов атындағы облыстық Олимпиада ізбасарларын дайындайтын спорт мектебінің директоры Д.Тәңірбергенов. Ал облыстық мәслихат депутаты Р.Көлбайұлы спортшылардың алдағы әлемдік додаларда топ жаруына тілектестігін білдірді.
Жеңімпаз бен жүлдегер спортшыларға арнайы қаржылай сыйлықтар тапсырылды.
Связанные истории
30.09.2017
41723