«Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан кәсіпорындардың барлығы да бүгінде қарқынды жұмыс атқаруда. Оңтүстік Қазақстан облысындағы іргелі өндіріс орнының бірі «ЕуроКристалл» бүгінде жұмыс процестін толық цифрлық технология бойынша жарақтандырған. Шыны ыдыс шығарудың технологиялық процесі жеделтелген қарқынмен шығарылады. Аталмыш кәсіпорын өңіріміздегі біреу де бірегей. Өйткені облысымызда бұрын соңды мұндай өндіріс орны болған емес. «ЕуроКристалл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі шыны құтылар мен бөтелкелер шығарады. Әрі өндіріс көлемі де жылдан жылға артып келеді. Зауыт жылына 60 миллион дана өнім шығарады. Оның басым бөлігін отандық өндіріс орындары сатып алады. Бүгінде өңірімізде сусын, томат, өңделген өнімдерді консервілейтін кәсіпорындар көбейіп келеді. Негізгі тұтынушылары да солар болып келеді. Экспорт көлемін арттыру да ойларында бар. Өте сапалы өнімге қызығушылық танытып жатқандар баршылық. «ЕуроКристалл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында ашылған әрі өзін өзі ақтаған жобалардың бірі болып табылады. Алдағы уақытта өнім көлемін арттырып, соған орай жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отыр. Жақын уақытта бұл жоспар да жүзеге асатынына сенім зор.