Оңтүстік Қазақстан облысында ҚР индустриалды- инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламасының жүзеге асырылуы табысты жүргізілуде. «Оңтүстiк» индустриалдық аймағында орналасқан «Spirit Казахстан» ЖШС-нiң жұмысы қарқын алған бүгінде. Оңтүстік Қазақстан облысының орталығындағы зауыт 2011 жылдан берi жұмыс iстеп келедi. Мұнда спирттiк iшiмдiктерге арналған шөлмектердiң пластик қақпағы, жәшiктер және арнайы құты — пэт приформа өндiрiледi. Дайын тауарлар негiзiнен жергiлiктi сауда орындарына өткiзiледi. Әсiресе, Мақтаарал, Сарыағаш аудандарында жемiс-жидекке арналған пластик жәшiктерге деген сұраныс жоғары екен. Осы зауытты тұрғызуға 700 млн. теңгеге жуық инвестиция жұмсалыпты. Оның 514,8 млн. теңгесiн «Оңтүстiк» АИО-дан жылдық 7 пайыз мөлшерлемемен қарызға алған. Кәсiпорын iшiндегi заманауи итальяндық қондырғылар — «Оңтүстiктiң» несиесiне лизингiге сатып алынған техникалар. Отандық өнiм болғандықтан өзге елдердiң пластик жәшiктiң бағасы 200 теңге тұрады. Статистикалық мәлiметтерге көз жүгiртсек, биылғы 6 айда «Ырыс» шағын несие ұйымы арқылы 4 млрд. 513,9 млн. теңгеге 1885 жоба қаржыландырылған. Олардың iшiнде мал, егiн, жылыжай, құс шаруашылығы, көктемгi дала жұмыстары, сауда, қызмет көрсету және ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеуге қатысты жобалар бар.
Әнуар Жұмашбаев