Бүгінде Түркістан облысының аумағында «Оңтүстік» және «Тассай» индустриалды аймақтарында ірі кәсіпорындар өз өнімдерін тек ішкі нарықта ғана емес, шетелдерге де экспорттауда. «Оңтүстік» индустриалды аймағында қолға алынған жобалардың дені бүгінде істерін жолға қойып, табыс тауып отырған ірі кәсіпорындар. Олардың қатарына биыл жыл аяғына дейін тағы да бірнеше жоба қосылатын болады. Олардың барлығы да индустриалдық инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар. Қазіргі таңда құны 21,4 млрд теңгені құрайтын 46 жоба жүзеге асты. Ондағы жұмыс орындарының саны – 3 мың. 89 гектар аумақты алып жатқан «Тассай» индустриалды аймағының да алар орны ерек. Онда 139 жұмыс орны бар, құны 1 126 млн теңгеге бағаланған 4 жоба іске қосылды. Сонымен қатар, қазір қала аумағында үшінші «Жұлдыз» индустриалдық аймағын іске қосу мақсатында 76 гектар жер телімі белгіленіп, қазіргі таңда инфрақұрылым жұмыстарын жүргізуге әзірленуде. Ішкі туризмді бойынша бұл кезеңде қалаға 33 100 адам саяхаттауға келген. Бұл мәліметтер Шымкент әуежайы, темір жол вокзалы және автобекеттер, туристік нысандардың билет сатылымы санынан анықталып отыр. Өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 40 пайызға артты. Қалада 110 мамандандырылған туристік ұйым халыққа қызмет көрсетуде. Оның ішінде 25 – туристік оператор, 85 – туристік агенттік. Қонақүйлердің саны 90-ға жетті.