М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Алматыдағы филиалының басшылары мен 2 курс студенттері «Оңтүстік» индустриальды аймағында болды. Тәжірибе жинақтау мақсатында келген студенттер ең алдымен «Еврокристалл» серіктестігінің жұмыс барысымен танысты. «Еврокристалл» — бұл заманауи жоғары сапалы шыны өнімдерін шығаратын зауыт. Оның өнімдері күнделікті тұтынымға және фармацевтикалық өндіріске арналған 150 мг және 2 литрге дейінгі шыны ыдыстар шығарады. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 100 миллион дана шыны ыдыс шығаруға қауқарлы. Зауыттың директоры Альберт Семёнович студенттерге өздері өндіріп отырған өнім түрлері мен оларды өндіруге дейінгі технологиялық процесс туралы әңгімелеп берді. Студенттер техникалық үдерісті өз көздерімен көріп, шынының қалай жасау жолдарын үйренді. Одан кейін шыны жасау үшін химиялық және физикалық құрамы зертханада қалай үдерістерден өтетінін көрді. Бұдан кейін шифер шығаратын «Tectum Engineering» зауытына да атбасын бұрды. Бас инженер-технолог өздері өндіріп отырған өнімнің түрлері мен оның жасалу жолдары туралы нақтылап айтып берді. Химиялық құрамы, неден жасалатындығы, және оның түрлері туралы әңгімеледі. Зауыттың өнімдері заманауи құрылғыларда жасалады. Құрал жабдықтары елімізде теңдесі жоқ болып саналады. Өнім өндіруде тек қана экологилық жағынан таза өнімдер ғана пайдаланылады. Табиғи минералдар да қосылады. Зауыттың жылдық қуаты 5 000 000 шаршы метр. Мұнда сондай ақ тегіс және 8 толқынды шифер шығарылады. Жылына 2 500 000 дана шифер өнімі шығарылады. Студенттер көрген білгендерін жадына түйетіндерін айтып кәсіпорын басшыларына алғыс жаудырды.