Өндірісі орындары бәсекеге қабілеттігімен ерекшеленді. Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өткен көрмеге 200-ден астам кәсіпорындар қатысып, өз өнімдерін ұсынды. Көрменің мақсаты отандық өнімді қолдап, кеңінен насихаттау. Тауар өндірушілердің басын қосқан көрме-жәрмеңкеде атмосфера ерекше. Залда қалықтаған әуен – жиналғандарға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Биылғы шараның ерекшелігі — көрме-жәрмеңкеге алғаш рет киім түрлерін шығаратын жаңа компаниялар қатысты. Көрме-жәрмеңкеде „Алтын дән„ компаниясының өнімдері де ұсынылды. Макарон өнімдері мен айран-сүт, құрт, ірімшік өзімізден шығарылатындықтан бағасы да қолжетімді. Табиғи таза өнімдердің сапасы да өте жоғары. Сондықтан халықтан тарапынан үлкен сұранысқа ие. Аталмыш көрме жәрмеңкеде Түркістан облысында қарқынды жұмыс істеп жатқан екі бірдей ірі өндіріс орны ТМД- дағы үздік тауар өндіруші атанды. Оның бірі Ордабасы ауданындағы индустриалдық аймақта орналасқан «Ордабасы құс» компаниясы мен «Тассай» индустриалды аймағында кәсібін дөңгелетіп отырған «Карлскрона» компаниясы. Екі кәсіпорын да облыстағы индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында ашылған. Әрі осы бағдарламаның шарапатын көрген кәсіпорындар. Бүгінде атағы алысқа кеткен екі өндіріс ошағы да алған марапаттарына әбден лайық-ақ.
Ғ. Мұхитұлы