«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясында Қазығұрт ауданында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қарқын алды. Елді мекендерде ағаш көшеттері отырғызылып, әктеу, бұтау шаралары жүргізілді. Сонымен қатар, жасыл желек қоршаулары ретке келтіріліп, бағаналар сырланды. Одан бөлек, арық-атыздар тазаланып, күл-қоқыстар тазартылды.
Акция аясында аудандағы Қызылқия ауылы округіндегі Ынталы елді мекенінде ауқымды сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Сенбілікке барлық мекеме қызметкерлері, белсенді жастар мен ауыл тұрғындарынан жалпы 150 адам қатысты.