Түркiстан қаласы облыстағы аудан, қалалар iшiнде ауыл шаруашылығы саласының көрсеткiштерi бойынша алғашқы үштiктен көрiнiп келе жатқан өңiр. Мәселен, өткен жылдың қорытындысымен облыста I орын алды. Осы салада 44 миллиард теңгенiң өнiмi өндiрiлдi. Бұл қаладағы жалпы iшкi өнiмнiң 40 пайызын құрайды. Биыл да түркістандық шаруалардың былтырғы межеден асып түсеміз деген жоспарлары бар. Дихан қауымның еккен бақша өнімдері де, егістігі де биыл бітік шықты. Қала аумағындағы шаруа қожалықтарының ала жаздай еткен еңбегінің өнбегін көретін күн де алыс емес. Бүгінгі күні Логистикалық орталық мәселесi де қала аумағында қолға алынып жатыр. «Түркiстан-Балтакөл» тас жолы бойында арнайы жер бөлiнiп, қазiргi таңда логистикалық орталық қалыптастыру жұмыстары қолға алынған. Ол жерге темiр жол, автожол салынған және қажеттi инфрақұрылым қалыптастырылған. Ауыл шаруашылығын қолдауға бағытталған шаралардың легі мұнымен тоқтамақ емес. Мемлекет тарапынан беріліп жатқан түрлі бағдарламалардың арқасында ауыл шаруашылығын дамыту қолға алынған. Шалғайдағы ауылдарда ауылдық округ әкiмдерi шаруашылықтарға қажетті құрылымдармен қамтамасыз етуге жағдай жасап отыр. Қазiргi күнде селитра электрокартасын жасау жұмыстары жүргiзiлiп жатыр. Сол сияқты мал шаруашылығында, егiн шаруашылығы бойынша ұсыныстар зерделенуде.