Жыл сайын дүние жүзінде мамыр айының үшінші жексенбісінде ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні аталып өтіледі. Осыған орай Түркістан облысындағы барлық аудандарда аталған аурудың алдын алу бағытында түрлі шаралар өткізілуде. Атаулы күнге орай облыс көлемінде «Түркістан Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының» мамандары көптеген профилактикалық шаралар атқарды. Атап айтқанда Ашық есік күні, акциялар, дөңгелек үстел, семинарлар, дәрістер, түсіндірме жұмыстарын кең ауқымда жүргізуде. Кезекті сондай шаралардың бірі «Бірге есте сақтаймыз, бірге махаббат пен ынтымақтастық арқылы сауықтырамыз» тақырыбында өткен дөңгелек үстел болды.
Іс-шараларда қатысушылар АИТВ-инфекциясының алдын алудың маңыздылығын, қорғану әдістері мен қауіпсіз жыныстық қатынас туралы білімдерді таратуды талқылады. Ақпараттық материалдар, АИТВ-ға тестілеу, мамандардың кеңестері берілді. Жастармен жұмыс істеуге ерекше көңіл бөлінді, өйткені олар негізгі тәуекел тобын құрайды. Іс-шаралар өз денсаулығына және басқалардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауды дамытуға бағытталған. Барлық іс-шаралардың мақсаты қоғамның назарын АИТВ-инфекциясы мәселесіне аудару, жұқтырған адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті азайту, сондай-ақ халықтың аурудың алдын алу және емдеу шаралары туралы ақпараттандыру деңгейін арттыру болды. Осылайша, «Түркістан облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы» салауатты өмір салтын насихаттау бойынша белсенді жұмыс жасап, АИТВ-инфекциясының таралуын азайтуға және облыс тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді.
Бұл шараға облыстық денсаулық сақтау басқармасының алғашқы медициналық – санитарлық көмекті ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Спатаева Жанат Төлегенқызы, және штаттан тыс бас эпидемиолог Жасұзақова Айсұлу Таңатқызы, Облыстық фтизиопульмонология орталығының басшы орынбасары Құдайбергенов Ишанбай Рысқұлбекұлы, Облыстық психикалық денсаулық орталығының басшы орынбасары Нарқабұлов Айдынбек Аманбекұлы, Облыстық тері – венерология диспансерінің АИТВ инфекциясына жауапты маманы Абдибекова Роза Қасымбекқызы, ҮЕҰ «Бәйшешек» ҚБ үйлестурушісі Тиленшиев Назарәлі Рахманалиұлы, «Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының» басшы у.м.а Рыскелдиев Дәурен Қашаубайұлы, эпидемиология бөлімінің меңгерушісі Қалмахан Ақмаржан Бағданқызы, Емдеу алдын алу бөлімінің меңгерушісі Хасанова Гүлжан Жәнібекқызы, профилактикалық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Амирбеков Еркінбек Раушанбекұлы қатысты. Мамандар ғасыр дертінің алдын алу жұмыстарының жүргізілу барысын талқылады. Сонымен қатар, бүгінгі күні атқаралып жатқан жұмыстар туралы саралап өтті.
Шарада облыс көлемінде АИТВ инфекицясының алдын алу мәселелері бойынша тың ақпараттар мен алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар талқыланды. Инфекцияны ерте анықтау және дер кезінде емдеуді бастау маңыздылығына, сондай-ақ АИТВ-дан қорғану және алдын алу әдістері туралы халықты ақпараттандыру қажеттілігіне басты назар аударылды. Мамандар түрлі қалалар мен аудандарда АИТВ-инфекциясының таралуына қарсы іс-қимыл бойынша табысты бағдарламалар тәжірибесімен бөлісіп, ойларымен алмасып, болашаққа арналған жоспарларымен бөлісті.
Бұл қауіпті дертке қарсы күресте мұндай шаралар басты рөл атқарып, халықтың санасы мен жауапкершілігін арттыруға септігін тигізетінін айта кеткен жөн. Алдағы уақытта ақпараттандыру, түсіндірме бағытындағы жұмыстар жалғасын табатын болады.