Түркістан облысында бүгінде индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру жолында түрлі жиындар жиі өткізіліп тұрады. Жуырда облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму басқармасында сала мамандарының басын қосқан жиын өтті. Бүгінде өңірімізде қарқында түрде жүзеге асырылып жатқан индустриалды инновациялық бағыттағы ауқымды жұмыстар жан жақты сараланды. Кәсіпкерлік палата басшылығы арнайы сараптамалық бөлім ашуды жоспарлап отырғандарын жеткізді. Аталған бөлім облысымыздағы экономикалық даму көрсеткіштерін жан-жақты саралап, нақты ақпараттармен қамтамасыз етіп отыратын болады. Ақпарат нақты әрі сапалы болуы ескеріледі. Кәсіпкерлік палата қызметкерлері бизнес жоба әзірлеуде ішкі нарықты әбден зерттеп, жобаның тиімділігіне көз жеткізіп алуға кеңес берілуде. Жиын соңында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Түркістан облыстық филиалының директоры А. Әбубакиров жаңа жобалармен таныстырды. Ол 2017 жылы филиал тарапынан 24120 кәсіпкерге кеңес берілгенін, сонымен қатар 1124 бизнес жоспар әзірленгенін жеткізді. Сондай-ақ, мұнда өткен жылы 3173 рұқсат құжаттары рәсімделген. Филиалдың кәсіпкерлік мектебінде жыл бойында 2014 азамат кәсіпкерлік негіздері курсында дәріс алған. Алдағы уақытта кәсіпкерлік саласын ілгерілету мақсатында түрлі жобалар жүзеге асырыла бермек.