Түркістан облысында «Модельді цифрлық фабрика» жобасына «Химфарм», «Кентау трансформатор зауыты», «Алтыналмас», «Карлскрона», «Бал текстиль» ЖШС-і кіреді. Аталмыш кәсіпорындардың барлығы да өңіріміздегі ірі өндіріс орындары. Заманауи жобалардың ендірілуін қолдаушылар көп. «Химфарм» АҚ-да технологиялық аудит аяқталды. Қазақстандық және германиялық мамандар цифрландырудың жол картасын жасауды аяқтады. Өндіріс ауқымын жақсартатын жобаға атсалысып жатқан кәсіпорындар көп. Компьютерлендіру кезеңінде бұл өте тиімді жоба болмақ. Германияда Индустрия 4.0 жобасының өндіріске ендірілгеніне 5 жылдан астам уақыт болған. Ал өңірімізде енді ғана қолға алынуда. Аталмыш компаниялар заманауи цифрлық технологияны толықтай ендірді. Елімізде аталмыш бағдарлама ендірілгеніне көп уақыт бола қойған жоқ. Түркістандық кәсіпкерлер де бұл бағдарламаға барынша қолдау білдіруде. Жобаның нәтижесі де жоғары болады деген сенім басым. Жаңа технологиялық революциядан сырт қалудың қажеті жоқ дейді мамандар. «Химфарм» АҚ өз саласында көшбасшы компаниялардың бірі. Индустрия 4.0 жаңа технологияларды ендірудің арқасында болашағы жарқын болмақ