Түлкібас жүгері сұрыптау зауыты 1964 іске қосылған. Зауыт сол кезден бастап 1990 жылға дейін бүкіл Қазақстанға жүгері тұқымын дайындап жөнелтіп отырды. 1991 жылдан бастап бидай ұнының әртүрлі сұрыптарын шығарды. Онымен қосы зауытта сары май, жүгері таяқшаларын және сафлор майын да шығарды. Зауытта бірнеше басшылар қызмет жасаған. Д.Түстікбаев, Н.И.Гусев, С.А.Ибрагимов, А.Жақсыбаев, Ә.Алғабаев, А.Бидайбеков, Н.Қалмұрзаев сынды азаматтар басқарды. Зауыт тәулігіне 150 тонна ұн шығарады. 2006-2009 жылдар аралығында ЖШС «Түлкібас ұн комбинат», кейін «Югпищепром» болып атауы өзгертілді. Зауыттың астық сақтайтын қоймалары, лабораториясы бар. Мекемеде 115 адам жұмыс істейді. Мекеме түркиялық жаңа құрылғылармен жабдықталған. Ұн өнімдері соңғы уақытта елімізде қарқынды дамып келе жатқан өндіріс. Қазақстанның солтүстік облыстарынан бөлек, қазіргі таңда оңтүстік өлкесінде ұн зауыттары жиі бой көтерді. Осындай нарықтық заманда бәсекелесе жұмыс істеп келе жатқан Түлкібас ұн зауыттары тұтынушылар көңілінен шығып келеді.