Төле би аудандық бюджетінен 34,1 млн. теңге бөлініп, Алатау ауылдық округі, Қайнар елді мекені аумағындағы «Кәусар-1», «Кәусар-2», «Кәусар-3» және Кәусар-4» тоғандары қалпына келтіріліп, толығымен тазаланды, қазіргі таңда су жиналып, қажетті су агроқұрылымдарға берілуде. Нәтижесінде жалпы 357 га жер суландырылды. 2018 жылы арна түзеу, жаға бекіту және тазалау жұмыстарына аудандық бюджет есебінен 200 млн теңге қаржы қарастырылып аудан бойынша 1 су тоғаны және 23 каналға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда Кемеқалған ауылдық округінде 26,5 млн теңгеге «Қара-қуыс» тоғанының құрылысы жүргізілуде. Қарақуыс су тоғанына бөлінген жер көлемі 13 га, сыйымдылығы 1,5 – 2 млн м3. 2018 жылдың қазан айында пайдалануға берілуі жоспарлануда. Нәтижесінде: “Абай” АШК су сорғыш (насос) құрылғысын орнатып, 300 метр тереңдіктен су тартуына байланысты 60 га жерге қарқынды алма бау, қосымша 45 га жерге жаңғақ егуді жоспарлауда. Сонымен қатар, «Ақбастау» және «Қара-қуыс» су қоймаларын толыққанды іске қосы үшін жобалау – сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстарына 14,0 млн теңге қаржы қаралды. Сонымен қатар, 2019-2021 жылдар аралығында 124 га жерге қарқынды алма бауы егіледі. Жалпы тоғандар іске қосылған жағдайда 500 га жер суармалы жерге ұлғайып, 75 га суармалы жер қайта айналымға қосылады.