Түркістан облысы кілем орталығына айналып келеді. «Назар Текстиль» ЖШС 2012 жылы Қазақстан Республикасының аумағында кілемдер мен кілем өнімдерін көтерме және бөлшек саудалық қызметімен негізгі қызмет бағыттары бойынша құрылды. Компанияның қызмет аясын кеңейтуді жоспарлау кезінде, Қазақстан Республикасында өзіндік кілем фабрикасын салу туралы шешім қабылданған болатын. Инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында облыс әкімдігі «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының аумағында құрылыс алаңын берді. 2014 жылдың тамызында кілем фабрикасын салу бойынша инвестициялық жоба табысты іске асырылды және 2014 жылдың қараша айынан бастап кілем фабрикасы кілемдер мен кілем өнімдерінің өндірісін бастады. Зауыт заманауи кілем тоқу құралдарымен жабдықталған. Бүгінде дайын өнімдер Қазақстан Республикасының аумағында табысты сатылып, ТМД елдеріне экспортталады. 2019 жылы «Назар-Текстиль» ЖШС кілем фабрикасында кілемдер өнімдерін жасау үшін VSF, Heat-set, Frize сапасының полипропиленді жіптерін өндіруге арналған корпусты пайдалануға енгізу жоспарлануда, бұл компанияға кілем тоқу машиналарының қуатын толық пайдалануға мүмкіндік береді, әрі клиенттер үшін кілем өнімдерінің бағасын айтарлықтай төмендетуге көмектеседі. Күнделікті дизайнер бар күш-жігерімен әрқашан өзекті, ерекше және кез-келген талғамға сай кілемдердің жаңа жинақтарын жасайды. Бүгінгі таңда «Назар Текстиль» ЖШС Қазақстандағы кілем бұйымдарының негізгі өндірушілерінің бірі болып табылады және өнімдер мен нарықтардың кеңеюі бойынша жұмысын жалғастыруда.