Мемлекеттік қызметкер лауазымдық нұсқаулығына сəйкес, функциональдық міндеттерін жауапкершілікпен, сапалы жəне кəсіби шеберлікпен атқарса, беделі өседі. Сонымен бірге, халық тарапынан айтылған мəселелерді шешуге еңбек етіп, оң нəтижемен бітірсе, ел алғысына бөленіп, абырой-беделінің өсері сөзсіз! Төлеби ауданы Диханкөл ауылы, Теріскей көшесінің тұрғындары көшелерін жөндеу туралы өтініштерін жеткізген еді. Аудандық «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жəне автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы м.у.а. Ж. Жолдасбеков, бөлім жəне округ əкімдігі қызметкерлерінің бірлесе атқарған жұмыстардың арқасында, тұрғындар өтініші орындалуда. Теріскей көшесінде орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа асфальт төселуде. Көше тұрғыны Ж.Ермаханов: «Елге қамқорлық көрсетіп отырған Елбасымыз Н.Назарбаевқа, аудан басшысы Б. Омарбековке айтар алғысымыз шексіз! Үлкен жолдар керек кезінде, əскери жəне азаматтық самолеттерге аэродром ретінде қолданылады екен. Бұл ішкі жол ауыл тұрғыны үшін тек көлік жолы емес, қарияларымыз жүретін аяқжол(тротуар), келіндеріміз сəбилерімен серуендейтін, жасөспірімдер велосипед жəне роликті коньки тебетін жол болады! Көше тұрғындары атынан тағы да рахмет!» — деген жүрекжарды сөзін айтты.