Түркістан облысындағы Төле би ауданында бүгінде абаттандыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Леңгер қаласының Төлеби және Бірлік көшелерінің 7,5 шақырым аралығын абаттандыру жұмыстары қолға алынған. Жоба құны 561 616 мың теңге. Алатау ауылдық округі, Екпінді-Біркөлік жолының 6,2 шақырым аралығын абаттандыру жұмыстары. Жоба құны 301 689 мың теңге. Қасқасу ауылдық округі, Жоғарғы Қасқасу елді мекенінің 4,7 шақырым орталық көшесін абаттандыру жұмыстары Облыстық бюджетке қаржыландыруға ұсынылды. Жоба құны 369 724 мың теңге. Газ саласы бойынша Қаратөбе ауыл округі Балдыбек, Төңкеріс елді мекендерін ауыл ішілік жүйелерінің құрылысы облыстық бюджетке қаржыландыруға ұсынылды. Жоба құны 294 845 мың теңге. Ауыз су саласы бойынша Ақайдар елді мекеннің ауыз су құбырының құрылысының ЖСҚ сараптамадан өткізу. Жоба құны 307 184 мың теңге. Облыстық бюджетке қаржыландыруға ұсынылды.