Бірер жылда Түркістан облысы сауда-саттығы қайнаған, тарихи, мәдени нысандарына саяхатшылар ағылған нағыз туризм орталығына айналады. Бұл туралы бүгін Түркістан қаласында Елбасының «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ—АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты Жолдауын талқылауға арналған жиында айтылды.
Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Мемлекет басшысының аталған саяси құжатта туризм саласын дамытуға ерекше назар аударғанына тоқталып, бұл жұмыстардың бұрыннан—ақ қолға алынған жоспарларымен бөлісті.
«Мемлекет басшысы: «Бай табиғатымыз бен мәдени әлеуетімізді пайдалану үшін сырттан келетін және ішкі туризмді дамытуға ерекше көңіл бөлу қажет. Үкімет қысқа мерзімде салалық мемлекеттік бағдарлама қабылдауға тиіс» деді. Мұндай шешім облысымызға келетін шетелдік туристердің санын еселеп арттыруға мүмкіндік береді. Биылғы жарты жылдың өзінде Түркістанға 720 мыңға жуық адам сапарлады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 57,2 пайызға өсті. Жақын арада облыс орталығына келетін 1 миллионыншы туристі күтетін боламыз. Түркістан облысында туризмді кешенді дамыту мақсатында 2018-2025 жылдарға арналған туристік индустрияны дамыту тұжырымдамасы әзірленді. Таяуда Түркістан қаласында Бірінші «Көне Түркістан – Жаңа мүмкіндіктер» атты халықаралық инвестициялық және туристік Форумы өтті. Аталған Форумға 19 шетел және қазақстандық 500-ге жуық адам қатысты. Нәтижесінде, 1,7 млрд. АҚШ долларын құрайтын 19 құжатқа қол қойылды», — деді әкім.
Бұл Түркістандағы туризмді дамытуға бағытталған мысалдардың біреуі ғана. Ал жалпы, жан—жақты қолға алынып, түрлі жұмыстарды жүзеге асырудың нәтижесінде, яғни, арнайы түзілген 2018-2025 жылдарға арналған туристік индустрияны дамыту тұжырымдамасы аясында облысқа келетін туристердің санын 5 миллионға жеткізу межеленіп отыр. Ол үшін жасалған жоспар көп. Мәселен, облыс орталығында тарихи этнотуризмді дамытуға барлық мүмкіндіктер бар. Ол үшін Түркістан қаласындағы