Бүгін Түркістан облысының әкімдігінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асқан «7-20-25» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нүкеновтың қатысуымен өткен шараға жергілікті құрылыс басқармасы, тұрғын үй коммуналды шаруашылық басқармалары, «Түркістан» ӘКК және банк өкілдері шақырылды.
Құрылыс басқармасының ақпаратына сүйенсек, 2018 жылдың қорытындысымен облыста осы бағдарлама арқылы таратылатын тұрғын үйлер бүгінгі күнге жоқ.
«7-20-25» бағдарламасын облыста іске асыру мақсатында, биыл Түркістан қаласында жеке салушы «Ажар трейд» ЖШС-ы арқылы 6 көпқабатты тұрғын үйлердің (336 пәтер, 26,1 мың ш.м.) құрылысы басталды. Осы үйлер 2019 жылы пайдалануға тапсырылуы жоспарланып, барлық пәтерлерді «7-20-25» бағдарлама арқылы тарату көзделуде. Сатылу бағасы – 1 шаршы метрі – 165,0 мың теңге.
Кездесу барысында банк өкілдері өз ойларын ортаға салып, халықты аталмыш бағдарлама бойынша насихаттау жұмыстарын жұмыла атқаруға келісті.