Германияда тағылымдамадан өту кәсіпкердің өз ісіне деген көзқарасын түбегейлі өзгертті
Түркістан облысында өнім өндіріп отырған кәсіпкер Сержан Серікбаев іріктеуден өтіп, «Іскерлік байланыстар» бағдарламасының қатысушысы болды. Өңірлік Кәсіпкерлер палатасымен белсенді түрде жұмыс істеген ол, бірнеше ай бұрын бизнес негіздерін үйретіп қана қоймай, шетелдік бизнесмендермен жеке кездесуге мүмкіндік беретін «Іскерлік байланыстар» мемлекеттік бағдарламасы туралы біледі.
Сержанның негізгі мамандығы дене тәрбиесі мұғалімі, көп жылдар бұрын мектептен кетіп, «Рахат» зауытының өнімдерін саудалаған. Бірақ өткен жылы ол өзінің «Бал Тохаш» компаниясын ашып, кондитерлік өнімдерді шығара бастады. Кәсіпкер нарықтың осы саласында бәсекелестік жоғары екенін түсініп, ерекшелену қажет екендігін ойлайды.
Сержан Серікбаев өзі мойындағанындай, «Іскерлік байланыстар» жобасына қатысуға оны компаниясын модернизациялауға және заманауи жабдықтарды сатып алуға деген ұмтылысы итермелеген. Алғашында кәсіпкер оқудың бірінші кезеңінен өтіп, содан кейін неміс тарапының шақыруымен құрамында Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан елінен 20 адамнан тұратын қатысушылар Германияға тәжрибеден өтуге аттанды. Кельн қаласында олар бір ай бойы жетекші неміс компанияларының тәжірибесімен танысты.
«Біз 70-150 жылдық тарихы бар неміс зауыттарында болдық, – дейді Сержан. – Мен сүт өнімдерін өндіруге арналған жабдықты өндіретін Trubatec GmbH компаниясы өндірістің тиімділігіне таң қалдым. Үлкен фабрикада бәрі автоматтандырылған, онда тек бірнеше жұмысшы ғана бар».
Оның айтуынша, неміс өндірушілері әлемнің барлық дерлік елдеріне жеткізілетін, өздері өндірген жабдықтарды үнемі қадағалап, олардың жұмысына кепілдік береді.
«Мен бизнесті басқа жолмен құру керек екенін түсіндім — жақсы технологиямен жұмыс істеу керек. Бірінші кезекте мен болашақта өнімнің және персоналдың сапасын жоғарылатып, бұрынғыға қарағанда мүлдем өзгеше қағидаттар бойынша таңдайтын боламын. Бұл бізге Германияда оқу кезінде де үйретілді », – деді Сержан Серікбаев.
«Кәсіпкердің пікірінше, «Іскерлік байланыстар» бағдарламасына қатысудың басты пайдасы — бизнеске деген көзқарасын түбегейлі өзгертіп, ой-өрісін кеңейту. Қазір Сержан басқа кәсіпкерлерге бизнес жүргізудің шетелдік тәжірибесін өз көздерімен көріп, бұның ақпараттылығын, тиімді және қызықты, сонымен қатар, белгілі бір пайдалы байланыстар орнату мүмкіндіктерін айтып, шақыруда.
atameken.kz