Биыл елімізде «Аңсаған сәби» бағдарламасы іске қосылады. Осы бағдарлама шеңберінде ЭКО-ға квота санын 7 есеге дейін ұлғайтылу жоспарлануда.
2020 жылы қалада 64 квота бөлінген болатын. ЭКО-ға жіберу туралы шешімді Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы жанынан құрылған арнайы комиссия қабылдайды.
ЭКО жасайтын медициналық ұйымды әйел азаматшаның өзі таңдайды. Басқарманың мәліметінше, бүгінде кезекте 400-ге жуық әйел бар. Оның басым бөлігі 2020 жылы өтініш берген. ЭКО процедурасына өтініш беру үшін тіркелген емханаға бару керек. Сол жерде тексеруден өткен соң, процедураға жіберіледі.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі