Бүгін №1қалалық емханада Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Шымкент қаласы бойынша филиалы мамандары медицина қызметкерлері арасында семинар өткізді. Семинарды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Шымкент қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары Ш.Шеримов пен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Шымкент қаласы бойынша филиалының ақпараттандыру бөлімі басшысы А.Беден жүргізді. Семинар барысында қазіргі кездегі өзекті мәселе медицина ұйымына тіркелген халық арасындағы сақтандырылмаған азаматтар жайлы баяндады. Сақтандырылмағандар арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөнінде айтылды және учаскелік қызметкерлерге сақтандырылмаған тұлғалардың тізімі таратылды.
Связанные истории
04.12.2024
4105
03.12.2024
7271