Шымкент қаласында бүгінде Ынтымақ-2 шағынауданы Әл-Фараби көшесі жалғасының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Көшенің жалпы ұзындығы – 7,6 шақырым. Ені – 43 метр. Жауапты мердігер мекеме – Отау-Строй ЖШС. Құрылыс 2017-2021 жылдары аралығын қамтиды.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Әл-Фараби көшесі жалғасы құрылысының барысын бақылады. Құны 3 595,9 млн теңге жобаның бүгінде 2 574,6 млн теңгесі игерілген. Биылға 791, 2 млн теңге қаржы қаралған. Қажетті қаражат көлемі – 229,9 млн теңге.
Қазіргі таңда 6,6 шақырым жол жамылғысы, арық жүйесі мен аяқжолдар құрылысы аяқталды.
Айта кетсек, 2021 жылы қалада жалпы 128 нысан немесе 253,1 шақырым жолдар мен көшелер құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылады. Оның 120 нысаны немесе 226,3 шақырым биыл пайдалануға беріледі. 8 нысан немесе 26,8 шақырым жол – келесі жылдарға өтпелі нысандар.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі