Қазақстан Өзбекстанға жаңа автомобиль және темір жол салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.
Екі ел желтоқсан айының басында «Қызылорда – Үшқұдық» автожолы мен темір жол құрылысының жоспарына қол қойды.
Жаңа бағыттың ұзындығы 280 шақырымды құраса, оның 140 шақырымы Өзбекстан аумағы арқылы өтеді. Құрылыс жұмыстары 2025 жылы басталып, екі-үш жылда аяқталады деп жоспарлап отыр.
«Автожол құрылысына 75 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде өткізу пунктінің құрылысына 5 млрд. теңге жұмсалады», — деді министрлік.
Министрліктің болжамы бойынша, бұл жол Орталық Азия елдерін Қазақстанның оңтүстік, орталық және солтүстік аймақтары арқылы Ресеймен біріктіреді. Жол Қызылорда – Жезқазған – Павлодар – Ресей шекарасы халықаралық дәлізінің бір бөлігі болады. Сондай-ақ, Өзбекстан тарапы да Қызылорда – Үшқұдық жаңа темір жол желісін салуға бастамашылық етуде.