Экономика Түркістан: Келес ауданына инвестор келді Редактор 20.05.2022 8031 1 оқу мин Түркістан облысы, Келес ауданына Халықаралық өнеркәсіптік орталығының корпорациясын салу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласынан «QazExpoCongress» ҰК» АҚ өкілдері келді. Аталған нысан Ұшқын ауылдық округінің аумағында орналасады деп жоспарланған. Инвесторларды Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев бастап жүрді. Аудан басшысы Келес ауданының мүмкіндіктерін баяндап, кәсіпкерлік нысан үшін қажетті іс-шараларды ұйымдастыруға ықпал ететінін айтты. Сонымен қатар аудандық жер қатынастары бөлімі мен кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімдерінің басшыларына кәсіпкерлермен бірлесе жұмыс атқарып, қажетті шараларды қабылдауға тапсырма берді. Инвесторларға қолайлы жағдай жасауды ұйымдастыруды үйлестіруге «TURKISTAN INVEST» мекемесі көмектеспек. Инвесторлардың сөзінше, олар осыған дейін көршілес Өзбекстан Республикасы аумағында болып, олардың мүмкіндіктерімен де танысқан. Жобаны жүзеге асыруда Келес ауданының аумағы тиімді екені анықталған. Осы аймаққа темір жол торабы салынып, сауда-саттықтың дамуына үлкен серпін береді деген сенім бар. Өз кезегінде аталған сауда комплексі салынған жағдайда жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылып, халықтың әл-ауқатының жақсаруына әсер етпек. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА 1 оқу мин Экономика САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА 23.11.2024 13843 ОТЫРАР АУДАНЫНДА ТҮЙЕ СҮТІНЕН ҰНТАҚ ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ОТЫРАР АУДАНЫНДА ТҮЙЕ СҮТІНЕН ҰНТАҚ ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ 21.11.2024 20126 ТӨЛЕБИДЕ ЖЫЛЫНА 120 МЫҢ ДЕМАЛУШЫНЫ ҚАБЫЛДАЙТЫН ТАУ ШАҢҒЫСЫ КУРОРТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 1 оқу мин Экономика ТӨЛЕБИДЕ ЖЫЛЫНА 120 МЫҢ ДЕМАЛУШЫНЫ ҚАБЫЛДАЙТЫН ТАУ ШАҢҒЫСЫ КУРОРТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 08.11.2024 77479